01 қыркүйек 2023 12:40

Төрт қазақстандық жоғарғы оқу орны Қонаевқа көшеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Төрт қазақстандық ЖОО Қонаевқа көшеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Төрт қазақстандық ЖОО Қонаевқа көшеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

31 тамызда Қонаевта Алматы облысы әкімдігі, Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Qonayev Academic Campus Fund коммерциялық емес ұйымының басшыларының қатысуымен "Өзара ынтымақтастық туралы" үшжақты меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Бұл келісім Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қонаев академиялық қалашығын" салу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында болды.

"Келісім шеңберінде еліміздің төрт университетін кампус аумағына көшіру (1-кезеңде) және 2024-2027 жылдар кезеңінде 2023-2024 жылдары толық инфрақұрылымды жүргізіп, төрт шетелдік университетті (2-кезеңде) ашу, ғылыми-зерттеу орталықтарын, зертханалар, жатақханалар мен қонақүйлер салу бойынша халықаралық ұйымдар мен инвестициялық қорлардан қаражат тарту", - делінген хабарламада.

Колледждер мен жоғары оқу орындары Қонаевқа Алматыдан көшіріледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы қазанда Мемлекет басшысы Алматы облысына сапары барысында Қонаевта академқала құру мәселесін қарастыруды тапсырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети