12 наурыз 2019 16:42

Төсек жабдығы мен саке. Мемлекеттік қызметкерлер қандай сыйлық алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер әлі де сыйлық алып жатыр. Кей қызметкерлер өз сыйлықтарын мемлекеттік қорға өткізеді, артынша олар gosreestr.kz сайтында сатылады. Сатылымнан түскен қаражат мемлекетке кетеді. Tengrinews.kz мемлекеттік қызметкерлер қандай сыйлық алғандарын қарап шығуды ұсынады.


Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер әлі де сыйлық алып жатыр. Кей қызметкерлер өз сыйлықтарын мемлекеттік қорға өткізеді, артынша олар gosreestr.kz сайтында сатылады. Сатылымнан түскен қаражат мемлекетке кетеді. Tengrinews.kz мемлекеттік қызметкерлер қандай сыйлық алғандарын қарап шығуды ұсынады.

Тартуды кімнің жасағаны және кімнің алғаны туралы ақпарат жоқ. Сыйлықтар ішінде кәдесыйлар мен фоторамка, галстук пен ілмектер көп.

Мемлекеттік қызметкерлерге атқарған жұмысы үшін сыйлық жасауға болмайтыны белгілі.  Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтқан болатын.

Сыйлық 2 АЕК-тен (5 050 теңге) төмен болса, сыйлық берген адамға 200 АЕК (505 000 теңге) әкімшілік айыппұл салынады. Ал сыйлықты қабыл алған адамға - 600 АЕК (1 515 000 теңге). Бұл көрсеткіштен жоғары сыйлықтың бәрі пара болып саналады, бұл кезде қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Мемлекеттік қызметкерлерге кәдесыйлар ғана емес, алкоголь де сыйлыққа беріледі. Мысалы, жапониялық саке мен виски.

Кейде, тіпті, төсек-орын жабдығын да әкеліп жатады. Қазір сайттан ақ тұлпардың суреті бейнеленген төсек жаймасын сатып алуға болады.

Мемлекеттік қызметкерлерге берілген сыйлықтар тізімінде қарапайым шоколад та бар. Ол да сатылымға қойылған, ал түскен қаржы мемлекет кірісіне кетеді.

Parker және Waterman брендтерінің қаламдарын да жиі тарту етіп жатады.

Біреу қолдан жасалған осындай кілемді де қорға өткізген.

2018 жылы мелмекеттік қызметкерлерге табысталған 70-ке жуық сыйлық сатылған. Одан 700 мың теңгедей қаржы түсті. Сатылған сыйлықтар ішінде Garmin, Apple Watch смарт-сағаттары, Huawei смартфоны болды. Телефон саудасы 6 мың теңгеден басталған, ақырында 95 мың теңгеге сатылды. Ал Garmin сағатын 172 мың теңгеге сатып алыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети