18 наурыз 2020 16:57

Төтенше жағдай кезінде сұлулық салондары мен дүкендер қалай жұмыс істейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © Shutterstock Көрнекі сурет © Shutterstock

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы сұлулық салондары мен қоғамдық тамақтану орындары төтенше жағдай кезінде қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы сұлулық салондары мен қоғамдық тамақтану орындары төтенше жағдай кезінде қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр карантин режимі бар қалаларда (Нұр-Сұлтан мен Алматы) сауда нысандарының жұмысына Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік Комиссия белгілейтін талаптар қойылатынын айтты.

"Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Президент Жарлығының қолданылу кезеңінде сауда нысандарының жұмыс істеуі жөніндегі шаралар:

Жұмысын тоқтата тұру қажет нысандар:

Азық-түлік тауарлары сатылмайтын сауда орындарын, ірі сауда, ойын-сауық орталықтарын, олардың аумағындағы сауда орталықтарын және жеке орналасқан кинотеатрларды, балалар орталықтарын, адамдар көп жиналатын кез келген басқа да нысандарды, азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сату жөніндегі оларда орналасқан объектілерді қоспағанда жабу міндетті.

Жұмыс істеуі шектелген сауда нысандары:

Аумағы 2 мың шаршы метрден кем сауда объектілері (сауда орталықтары, гипермаркеттер, сауда үйлері, азық-түлік базарлары, супермаркеттер, шағын маркеттер, үй жанындағы дүкендер, басқа да бөлшек сауда объектілері) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейтіп жұмыс істейді, атап айтқанда:

1) жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 18:00 аралығында;
2) нан, кондитерлік және өзге де өнімдерді тек буылған түрде сату керек;
3) көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тамақ өнімдерін буылған түрде сату;
4) күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу: әрбір үш сағат сайын арнайы дезинфекциялау құралдарымен үстелдерді, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын, баспалдақтарды, есіктерді, лифттер мен едендерді тазалау;
5) келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық қолданыстағы кіреберістерде тепловизорлар орнату;
6) аумаққа келушілерді тек бетпердемен кіргізу (маска болмаған жағдайда масканы тегін беруді қамтамасыз ету) және келушілерге арналған коронавирусты алдын алу бойынша парақшаларды тарату керек;
7) қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, санитайзерлерде микробқа қарсы әсері бар көпфункциялы антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беру керек;
8) нысандардың ауасын тазартып, үнемі желдету;
9) адамдардың арасында кемінде бір метр қашықтықты сақтай отырып, бес адамнан артық кезектің пайда болуына жол бермеуге;
10) жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететін сауда нысандарында жауапты қызметкерді бекіту;
11) нысанға іргелес жатқан аумақты тәулігіне кемінде бір рет дезинфекциялау құралдарымен өңдеуге қажет. 

Сауда нысандарының аумағында орналасқан қоғамдық тамақтандыру орындарының (фуд-корттар, мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар, аспаздар және тағы басқа) санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейту, атап айтқанда:

1) жеткізу қызметінің немесе өзге де жеткізу қызметтерінің көмегімен тұтынушыға тауарды (тағамдарды, сусындарды және басқаларды) жеткізу арқылы ғана қызметті жүзеге асыруға;
2) қызметкердің жұмыс кезінде бір рет қолданылатын маскаларды пайдалануы ұсынылады (маскаларды ауыстыру 3 сағатта 1 реттен кем емес);
3) респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, тұмсық) белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;
4) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар көпфункционалды антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету;
5) жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде әрбір 6 сағат сайын) есіктердің тұтқаларын, үстелдерді, орындықтардың арқаларын, залға (асханаға) кіретін кезде қол жууға арналған құралдарды, өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерін дезинфекциялаушы майлықтармен (немесе дезинфекциялаушы құралдардың ерітінділерімен) сүрту арқылы дезинфекциялаушы құралдарды қолдана отырып, үй-жайларды желдету және ылғалды жинау;
6) нысанға іргелес жатқан аумақты тәулігіне кемінде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңдеуге;
7) күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу: әрбір үш сағат сайын арнайы дезинфекциялау құралдарымен үстелдерді, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын, баспалдақтарды, есіктерді, лифттер мен едендерді өңдеуге міндетті. 

Қоғамдық тамақтану орындарының (кафе, мейрамханалар, барлар, асханалар және тағы басқа) жұмысын шектеу:

1) жұмыс уақытын 22:00-ге дейін шектеу;
2) келушілердің саны 50 адамнан аспауы керек;
3) қолдарды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар көпфункционалды антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету;
4) күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу: сағат сайын арнайы дезинфекциялау құралдарымен үстелдерді, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын, сатылар мен есіктерді, лифтілерді және әрбір үш сағат сайын едендерді өңдеу;
5) келушілердің өзіне-өзі қызмет көрсетуге тарату желісіндегі асханаларға тыйым салынады;
6) жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, тұмсық) белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;
7) қызметкердің келушілермен жұмыс істеу кезінде бір рет қолданылатын маскаларды пайдалануы керек (маскаларды 3 сағатта 1 реттен ауыстыру керек);
8) жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде әрбір 6 сағат сайын) есіктердің тұтқаларын, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақтарын), түскі залға (асханаға) кіретін кезде қол жууға арналған құралдарды, өз-өзіне қызмет көрсету сөрелерін дезинфекциялаушы майлықтармен (немесе дезинфекциялаушы құралдардың ерітінділерімен) сүрту;
9) нысанға іргелес жатқан аумақты тәулігіне кемінде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;
10) сауда және қоғамдық тамақтандыру нысандарында бір ауысымда кемінде екі рет ауыстыруға жататын бір реттік қолғаптармен қызмет көрсетуге;
11) мейрамханаларда, дәмханаларда, барларда, асханаларда және тағы басқа үстелдердің арасындағы қашықтықғы 2 метрден кем болмауы керек. 

Қызмет көрсету саласы нысандарының (сұлулық салондары, ателье және басқалар) жұмыс істеуін шектеу).

1) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар көпфункционалды антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беру керек;
2) күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу: әрбір үш сағат сайын арнайы дезинфекциялау құралдарымен үстелдерді, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын, баспалдақтарды, есіктерді, лифттер мен едендерді өңдеу;
3) аумаққа келушілерді тек бетперде киюге (маска болмаған жағдайда масканы тегін беруді қамтамасыз ету) және келушілерге коронавирустың алдын алу бойынша парақшаларды тарату керек. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети