10 қыркүйек 2020 17:51

Төтенше жағдайлар министрлігін құру үшін қанша ақша керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігін құру үшін қанша қаражат керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігін құру үшін қанша қаражат керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құруға тапсырма берді. 2014 жылы ол ІІМ-нің құрамына кірген еді. Кеше министрлікті құру туралы Жарлық шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамына ТЖК және ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, ҰЭМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті кіреді. Сондай-ақ, министрлікке осыған дейін ІІМ-ге берілген бірқатар функциялар беріледі", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, министрдің орынбасары Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатынын атап өтті.

"Әрине, еңбекақыны көтеру, лауазымдардың жаңа санаттарын енгізуге қатысты мәселе бар. Бірқатар лауазымды тұлғаның жалақысы өседі. Сонымен қатар, мемлекеттік органды қайта тіркеу, бланк өнімдерін шығаруға қатысты ұйымдастыру жұмысын жүргізу керек. Еңбекақы қорын шамамен 233 миллион теңгеге арттыру көзделіп отыр", - деп түйіндеді сөзін Юрий Ильин

Еске салайық, кеше Қазақстан Президенті Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы Жарлыққа қол қойған еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети