05 қаңтар 2021 16:50

Той-томалақ өтіп жатқаны туралы хабарлаған БҚО-ның 8 тұрғынына 20 мың теңгеден берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Батыс Қазақстан облысының сегіз тұрғыны банкет өтіп жатқаны туралы хабарлағаны үшін марапатталды. Барлығына 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


Батыс Қазақстан облысының сегіз тұрғыны банкет өтіп жатқаны туралы хабарлағаны үшін марапатталды. Барлығына 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындар облыс аумағында банкеттер, үйлену тойы, мерекелік іс-шаралар өткізгендер туралы 10 ережебұзушылықты хабарлады.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері 1 желтоқсаннан бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамағаны үшін 5,792 миллион теңге сомасына 95 хаттама толтырылғанын айтады.

Еске салайық, БҚО тұрғындары бұқаралық іс-шаралар өтіп жатқаны туралы хабар берсе, ақшалай сыйақы берілетіні жайлы тамыз айында хабарланған болатын. Ол кезде облыс әкімдігі шектеу шараларын бұзғаны туралы хабарлағаны үшін 20 мың теңге көлемінде сыйақы қарастырылғанын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети