19 мамыр 2021 | 14:47

"Тірі киіктер болған жоқ!". Инспекция БҚО-да көмілген жануарларға қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы киіктерді тірдей көму дерегін жоққа шығарды. Полиция департаменті оқиға орнына тергеу тобы барғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы киіктерді тірдей көму дерегін жоққа шығарды. Полиция департаменті оқиға орнына тергеу тобы барғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жануарлар өлігін жою кезінде тірі киіктер болған жоқ. Бұл іспен жергілікті атқарушы органдар өкілдері айналысты. Қазіргі уақытта факт бойынша Жәнібек ауданы полиция бөліміне хат жолданды", - деді инспекция басшысы Қайрат Қадешев.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері оқиға орнына Жәнібек ауданы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы барғанын айтты.

"Факт ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, шынында да жануарлар өлігі арасында бір тірі киік болған. Жануар видеоға түсірілді. Ол жерге ветеринар шақырылып, киікті тексерді. Кейін жануар табынына қосылды. Дерек бойынша қылмыстық немесе әкімшілік іс жүргізілмеді", - деді БҚО ПД баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, 13 мамырда БҚО Жәнібек ауданы Тау кенті маңынан 372 өлген киік табылған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, жануарлардың өліміне аймақтағы қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін. 

Кейін БҚО тұрғындары жануарлар өлігін жою кезінде бірнеше киікті тірідей көмгені хабарланды. Экология министрлігі Батыс Қазақстан облысының полициясына жануарларға қатыгездікпен көрсету дерегі бойынша шағымданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети