14 тамыз 2017 | 13:39

"Трагедия жасаудың қажеті жоқ". БҒМ өкілдері грант ала алмағандарға дайындалуға кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері білім беру гранттарын үлестіру туралы мәселеге қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері білім беру гранттарын үлестіру туралы мәселеге қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде БҒМ өкілдері ведомстводағылардың келесі жылы гранттарды тек ҰБТ-дан жоғары балл алғандарға, квота иелеріне, жетім балаларға және мүгедектерге бөлу мәселесіне қатысты жұмыс істеп жатқанын айтып өтті.

Сондай-ақ, журналистер брифинг барысында БҒМ өкілдеріне тестілеуге енгізілген жаңартулардан кейін мектеп оқушыларында"Алтын белгі" алуға деген ұмтылыс бола ма, жоқ па деген сауал қойды.

"Мысалы, сен алтын медаль алдың деп санайық. Бұл сен үшін үлкен мақтаныш - медальді қабырғаға іліп қоясың, құттықтаулар естисің. Бірақ сосын сен басқа түлектер сияқты емтихан тапсырасың. Қазіргі уақытта үкіметтегілер "Алтын белгі" иегерлерін далада қалдырмау үшін қосымша орындар бөліп берді, бюджет ақша бөлді", - деп түсіндірді Жоғарғы оқу орындары ассосиациясының президенті Рахман Алшанов.

Ал ҚР БҒМ ЖОО-дан кейінгі білім беру департаментінің директоры Гүлзат Көбенова болашақта барлық  "Алтын белгі" иегері ҰБТ-ны жалпыға ортақ ережелер бойынша тапсыратынын айтты.

"Оданша жақсылап дайындалыңдар. Ақылы бөлімдер бар немесе келесі жылы оқуға түсе аласыңдар. Колледждер де бар. Өмір мұнымен аяқталмайды ғой. Ата-аналарға да балаларына "сен оқуға түспедің, сен кінәлісің" деп айтудың қажеті жоқ. Меніңше, мұндайға жол бермеу керек", - деді Алшанов биыл мемлекеттік грант ала алмаған оқушылардың ата-аналарына.

Сондай-ақ, бүгін мемлекеттік грант иегерлерінің жаңарған тізімі жарияланды.

Осыған дейін министрлік білім гранттарын үлестіру қорытындысы бойынша түсінік берген болатын. "Министрлік жоғары балл алған талапкерлерге ЖОО-ның грант тарының бөлінуіне ұсыныс жасайды. Сонымен қатар, министрлік биыл әр облыс әкімдерінің гранттарының бөлінуіне жағдай жасады. Алдағы 2 апта ішінде әкімдіктермен осы бағытта жұмыс жасалады. Бірде-бір талапкер назардан тыс қалмайды", - деген еді министрліктегілер.

Биылғы ілім гранты иегерлерінің толық тізімі 2017жылдың 10 тамызында жарияланған болатын.

Осы жылы жоғары білім алу үшін білім гранттарының саны 37 932 грантқа дейін жеткізілді. Оның ішінде, 35 082 грант 1 курсқа қабылдау үшін (күндізгі оқу нысаны бойынша - 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша - 300 грант), 2850 орын - жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети