Трамптың Иран туралы мәлімдемесі фонында теңге нығая түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамптың Иран туралы мәлімдемесі фонында теңге нығая түсті Фото:depositphotos.com

Қазақстандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.


Сауда-саттық нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы алдыңғы сессиямен салыстырғанда 2,76 теңгеге төмендеп, 467,98 теңгені құрады.

Бұл ретте Ұлттық банктің 8 шілдедегі ресми бағамы - 471,04 теңге құрайды.

Алматыдағы айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы

  • сатып алу – 468,45 теңге;
  • сату – 470,59 теңге.

Астанадағы айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы

  • сатып алу – орташа 466,00 теңге;
  • сату – 473,00 теңге.

Мұнай нарығында не болып жатыр

Трамптың мәлімдемесінен кейін Лондон биржасындағы Brent эталондық маркалы мұнайының қыркүйектегі фьючерстері санаулы минуттар ішінде бір баррель үшін шамамен 76 доллардан 78 долларға дейін қымбаттады.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп өзі үшін Иранмен арадағы оқ атуды тоқтату режимі бұдан былай күшінде емес екенін мәлімдеді. Сонымен қатар Америка көшбасшысы Иран басшылығын өтірік айтты деп айыптап, уағдаластықтарға қол жеткізілгеннен кейін Тегеран өкілдері келіссөздер жүргізілгенінің өзін көпшілік алдында жоққа шығарғанын айтты.

Теңге неліктен нығайып жатыр

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы бірнеше аптадан бері нығайып келеді. Бұған дейін ұлттық валюта бір аптаның ішінде шамамен 2,7 пайызға қымбаттады. Сарапшылардың бағалауынша, бұған бірнеше ішкі факторлар әсер еткен: базалық мөлшерлеменің жоғары деңгейде сақталуы, қазақстандық нарыққа шетелдік инвесторлар қаржысының ағылуы, Ұлттық банктің Ұлттық қор операциялары аясында шетел валютасын қосымша сатуы, сондай-ақ экспорттаушылардың валюталық түсімінің бір бөлігін міндетті түрде сатуы.

Сонымен қатар сарапшылар әлемдік мұнай бағасының теңге бағамына әсері әдетте кешігіп байқалатынын, ал ішкі факторлар валюта нарығына тезірек ықпал ете алатынын атап өтті.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +30
Ақтау +31
Ақтөбе +30
Атырау +29
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +33
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +29
П
Павлодар +31
Петропавл +30
С
Семей +29
Т
Талдықорған +32
Тараз +37
Түркістан +31
О
Орал +27
Ө
Өскемен +36
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер