02 қазан 2019 | 16:40

Цифрлық жаңалықтар: eGov-тың жаңартылған қосымшасы мен боттар

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев шараға жиналғандарды мемлекеттік қызметтер саласындағы күздің негізгі үш цифрлық жаңалығымен таныстырды,  - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі министрлік баспасөз қызметіне слітеме жасап. Биыл күздің цифрлық жаңалықтары: eGov-тың жаңартылған қосымшасы, мемлекеттік қызметтерді әлеуметтік желілерде алуға арналған боттар және т.б. бүгін Astana Hub-та таныстырылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев шараға жиналғандарды мемлекеттік қызметтер саласындағы күздің негізгі үш цифрлық жаңалығымен таныстырды,  - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі министрлік баспасөз қызметіне слітеме жасап. Биыл күздің цифрлық жаңалықтары: eGov-тың жаңартылған қосымшасы, мемлекеттік қызметтерді әлеуметтік желілерде алуға арналған боттар және т.б. бүгін Astana Hub-та таныстырылды.

Біріншісі - eGov-тың жаңартылған мобильдік қосымшасы. Екіншісі - мекенжай анықтамасының талап етілмеуі. Үшіншісі - ҚР Қаржы министрлігінің алдағы салық төлемдері туралы SMS-хабарламасы.

Реклама
Реклама

"Біз мемлекеттік қызметтерді мобильді түрде алуға баса көңіл бөліп отырмыз. Өйткені, бүгінгі күні азаматтардың бәрінде смартфон бар. Сол себепті, eGov-тың мобильдік қосымшасын жаңарту жұмыстары басталған кезде, әріптестеріме, ең бірінші кезекте, бұл қосымшаны өздеріңіздің аналарыңыз пайдалана алатындай етіп жасаңыздар деп ұсындым. Өйткені, қосымша қызметті оңай әрі жылдам алу үшін өте ыңғайлы болуы керек", - деді Асқар Жұмағалиев.

Министрдің айтуынша, жаңа қосымшаның көмегімен қызметті саусақпен бір басу арқылы алуға болады. Қазіргі уақытта мобильді қосымшаның Beta-нұсқасы PlayMarket және AppStore-де жақын болашақта қолжетімді болады. Қосымшаның көмегімен 23 қызметті алуға, ЭЦҚ-ға өтінім беруге және оның әрекет ету мерзімін ұзартуға болады.

Жиналғандарға мобильді қосымшаның мүмкіндіктерін таныстырған «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов, әзірлеушілер сондай-ақ, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануды барынша жеңілдетуге тырысқанын айтып өтті.

"Жаңа қосымшаны пайдалану үшін азамат ЭЦҚ-ны аса қажет етпейді. Біз бәріміз телефонның құлпын саусақ ізімен немесе FaceID арқылы ашуды әдетке айналдырдық. Дәл солай осы қосымшада ЭЦҚ-ны биометрияыңызға байлап, қызметке тапсырыс берген кезде өзіңіздің TouchID немесе faceID арқылы сұрауыңызды растай аласыз", - деді Әсет Тұрысов.

Таныстырылымда сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді енді әлеуметтік желілерден де алуға болатыны айтылды. Телеграмм желісінде 650 мыңнан астам қазақстандық қызметін пайдаланған eGov-боттың танымалдылығынан соң, мұндай сервистерді  Фэйсбук пен Вконтакте желілерінде іске қосу туралы шешім қабылданды. Енді аталған әлеуметтік желілерден сұранысқа ие 15 түрлі анықтама мен сервистерді алуға болады.

"Азаматтарға арналған үкімет" Басқармасының төрағасы Әсемгүл Балташева алдағы уақытта бірқатар қызметтердің "белсенді" болатынын, ол үшін азаматтарға тек sms-хабарламаға жауап беру қажеттігін айтты.

"Қазақстанда 27 қызметті біріктірген «белсенді» қызметтердің саны-17. Бұдан өзге, бала тууды тіркеу, некені тіркеу/ бұзу, бала асырап алу қызметтерін  өзіңіз қалаған  ХҚКО-нан алу мүмкіндігі пайда болады", - деді Әсемгүл Балташева.

ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев сондай-ақ, мобильдік азаматтар базасында тіркелген қазақстандықтарды алдағы салық төлемдері туралы хабардар ететін қызметтің іске қосылғанына назар аудара отырып, күздің цифрлық жаңалықтары туралы айтып берді.

"Интеграциялау бойынша жүргізілген кешенді жұмыс нәтижесінде, біз азаматтарға салық төлемдері туралы алдын-ала хабар беру қызметін іске қостық. Салықты төлеу де жеңілдетілді. Бұрынғыдай салық органдарының кодтарын енгізудің қажеті жоқ, тек саусағыңызбен бір рет баса отырып, банктік қосымшалар арқылы салық төлей аласыз. Мұндай функционал Kaspi банкінде іске асырылды, ал жақын арада "Халық банкі" іске қосады", - деді Руслан Еңсебаев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная