12 қараша 2021 17:11

Цой бірінші тоқсанда 12 304 сынып карантинге жабылғанын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа оқу жылының басталуына байланысты министрлік оқушылар арасындағы сырқаттанушылықты күнделікті бақылап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрілігі мәліметіне сілтеме жасап.

"Коронавирустың 22 021 жағдайы тіркелді. Бұл оқушылардың жалпы санының 0,6 пайызы. 160 мыңнан аса байланыста болған адам анықталды. Оның ішінде 1 409 оң нәтиже анықталды.

Қазанда қыркүйекпен салыстырғанда оқушылар арасында сырқаттанушылықтың 1,2 есеге төмендегені байқалады", - деді Цой ОКҚ брифингінде.

ДСМ мәліметінше, бірінші тоқсанда 15 ауысым және 12 304 сынып карантинге жабылған.

"Студенттер арасында 2 674 жағдай тіркелді. Оның ішінде 1 948 орта оқу орындарының студенттері арасында және 726 жағдай жоғары оқу орындарының студенттері арасында. Бұл орта оқу орындарындағы білім алушылардың 0,5 пайызы және жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың 0,1 пайызы", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети