Цой бұйрыққа өзгеріс енгізді: балалардың маска тақпауына рұқсат етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Цой бұйрыққа өзгеріс енгізді: балалардың маска тақпауына рұқсат етілді © pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қоғамдық орындарда маска тағуды міндеттейтін бұйрыққа өзгеріс енгізді. Енді бұл ереже балалар үшін және ашық ауада жаттығу жасайтындар үшін міндетті емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қоғамдық орындарда маска тағуды міндеттейтін бұйрыққа өзгеріс енгізді. Енді бұл ереже балалар үшін және ашық ауада жаттығу жасайтындар үшін міндетті емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы" министрдің 2020 жылғы 5 шілдедегі бұйрығына өзгерістер енгізілді.

"10-тармақтың 7) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

7) қоғамдық орындарда, халық келетін, қызмет көрсетілетін және демалуға арналған нысандарда, қоғамдық көлікте, бес жасқа дейінгі балаларды және әлеуметтік қашықтық сақталатын қоғамдық тамақтану орындарын қоспағанда медициналық немесе мата маскаларын тағу міндетті, 

9) қоғамдық орындарда ашық ауада медициналық немесе мата маскаларын тағу міндетті, бұған бес жасқа дейінгі балалар, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бес адамнан аспайтын жеке, топ бойынша спортпен айналысатын адамдар кірмейді", - делінген жаңартылған құжатта.

Алексей Цой маска тағу бойынша бұйрыққа қол қойды

Айта кетейік, 30 шілдеден бастап, Қазақстанда көшеде маска тағу міндеттелген еді.

Сондай-ақ, кеше денсаулық сақтау министрі Алексей Цой көшеде ересектер ғана емес, балалар да маска тағуы міндетті екенін айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети