11 қазан 2021 12:43

Цой жалған вакцинация паспорты туралы: Кімді алдайды?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцинация паспортын сатып алу жағдайлары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцинация паспортын сатып алу жағдайлары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цой Мәжілістегі үкімет сағатында, Денсаулық сақтау министрлігі қауіпсіздік күштерінен әділетсіз дәрігерлер мен осы саладан бизнес жасап жүрген делдалдардан тазартуды сұрады. Оның айтуынша, 90-нан астам қылмыстық іс ашылды, олардың жартысынан көбі ПТР-тестінің нәтижелерін бұрмалауға байланысты, қалғандары жалған вакцинация паспорты туралы.

"Сотқа түскен әр іс жеке қаралады. Сот шешімі шыққан бойда бұл жалған төлқұжаттардың барлығы мәліметтер базасынан жойылады. Әр іс бақыланады, біз оны өте мұқият қадағалаймыз. Көп ұйымдардың әр кабинетінде камералар орнатылған. Медициналық ұйымдардың ішкі бақылауы күшейтілді.

Шынымды айтсам, біз тұрғындарға жалған құжат жасату өзін алдау екенін түсіндіруге тырысамыз. Сіз өз өміріңізге қауіп төндіріп, сізді қорғамайтын қағаз сатып алдыңыз ... Сіз кімді алдайсыз? Жалған құжат сатып алып өз өміріңізді, жақындарыңыз бен отбасыңыздың өміріне қауіп төндіргенше, вакцина алып өміріңізді жеңілдетпейсіз бе? Вакцина аурудың ауыр жағдайын болдырмауға кепілдік береді", - деді Цой.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети