20 сәуір 2021 10:05

Цой коронавирус бойынша жаңа болжамын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Казанғапов Фото: Тұрар Казанғапов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакцинациялауды ескергендегі, коронавирустың таралуы бойынша оптимистік және шынайы болжамдардын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакцинациялауды ескергендегі, коронавирустың таралуы бойынша оптимистік және шынайы болжамдардын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі халықты вакцинациялауды ескеріп, коронавирус инфекциясының таралуы бойынша болжам қалай болатынын айтты.

"Оптимистік сценарий бойынша вакцинацияны жалғастыру кезінде кестеге сәйкес тәулігіне үш мыңға дейін коронавирус жұқтыру дерегі және сәуірдің соңында шыңы тіркеледі деп күтіледі.

Нақты сценарий мен кестеге сәйкес вакцинациямен қамту кезінде мамырдың ортасында тәулігіне төрт мың жағдайға жетуі мүмкін", - деді Цой Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, бірінші кезеңде вакцинациядан болатын әсер иммунитетті қалыптастыруға қажетті уақытпен шектеледі. Кейіннен вакцинацияның әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әсер етеді.

20 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 733 980 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның алғашқы дозасын қанша адам алғаны белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети