16 маусым 2021 | 16:13

Цой QazVac вакцинасы тиімділігінің тағы бір көрсеткішін атады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық QazVac вакцинасының тиімділігі туралы нақты деректер әзірленіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық QazVac вакцинасының тиімділігі туралы нақты деректер әзірленіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Вакцина бағаланған әр кезеңде белгілі бір тиімділігі болады... Алдын ала мәлімет бойынша, бірінші және екінші фазалардың қорытындысы бойынша тиімділік 90 пайызға жуық болған... бұл 92 пайыздан алғанда. Вакцинаның тиімділігі туралы қосымша ақпаратты алған кезде сіздерге де хабар береміз. Қазір бұл ақпараттарды биологиялық қауіпсіздік мәселелері институтынан күтіп отырмыз. Бірінші немесе екінші кезеңде 90 пайыздан аса тиімділік көрсеткені айтылды", - деп жауап берді Цой.

Бұған дейін денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов QazVac вакцинасының екі дозасын алғаннан кейін бірінші және екінші фазалар қорытындысы бойынша тиімділігі 96 пайызды көрсеткенін мәлімдеген болатын.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, үкімет есептерінде тиімділіктің нақты алдын ала көрсеткіші 96 пайыз екені көрсетілген. Вакцинаның тиімділігі антиденелер көрсеткіші бойынша вакцина алған еріктілердің үлесін есептеу арқылы анықталған (сероконверсия пайызы).

Medsupportkz қазақстандық ғалымдар мен дәрігерлер қоғамдастығы QazVac вакцинасының антиденелер  санына негізделген тиімділікті есептеу әдісі дұрыс емес екенін айтты. Антиденелердің болуы вирустан қорғауға кепілдік бермейді. Әлемдік тәжірибеге сәйкес (Pfizer, Moderna, AstraZeneca, Sputnik V вакциналары) тиімділік осы вакцинамен егілген еріктілердің ПТР-сынамасы көрсеткен нәтиже негізінде есептеледі.

Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұлов QazVac тиімділігін есептеудің қолданылған әдісі иммундық реакцияның жанама индикаторы ғана, "бірақ вакцинаның тиімділігінің өлшемі емес" екенін растады. Оның айтуынша, QazVac тиімділігін нақты бағалау 2021 жылы шілденің ортасында клиникалық зерттеудің үшінші кезеңі аяқталғаннан кейін, вакцина алған еріктілер мен плацебо топтары арасында COVID-19 жұқтырған науқастар саны ескерілген кезде ұсынылады.

Кейін Medsupportkz компаниясы QazVac коронавирусқа қарсы вакцинаны жасаушылар "вакцинаның тиімділігі 96 пайыз екені туралы бұрынғы мәлімдемелерін жоққа шығаруы керек" деп мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная