Цой ШҚО-да қаза тапқан дәрігерлердің отбасына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Цой ШҚО-да қаза тапқан дәрігерлердің отбасына көңіл айтты Фото: ШҚО ІІД баспасөз қызметі

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан жедел жәрдем дәрігерлерінің отбасыларына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан жедел жәрдем дәрігерлерінің отбасыларына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұжымының атынан және жеке өз атымнан Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасында қаза тапқан жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен фельдшерлерінің отбасыларына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды министр Instagram-дағы парақшасында.

Оның айтуынша, бұл трагедия дәрігер болудың қаншалық қауіпті екенін көрсетті.

"Ауа-райының қолайсыздығына, жұмыстың ауырлығына, шаршағанына қарамастан, дәрігерлер өз кәсібін қашан да адал атқарады. Өкінішке қарай, науқас өмірін құтқаруға шыққан шұғыл қызмет бригадасының дәрігері мен фельдшері - Болат Қапсаметұлы Әзілханов пен Бейбіт Төлеуғазыұлы Ғабдуллин көз жұмды.

Қайғылы оқиға медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі жайлы тағы бір ойлануға түрткі болып отыр", - дейді Цой.

Ол қазір Семейдегі ауруханада жансақтау бөлімінде жатқан жедел медициналық жәрдем көлігі жүргізушісінің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alexey Tsoy (@alexey_tsoy)

Еске салайық, 3 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында тасжолдағы апаттан жедел жәрдем қызметкерлері қаза тапты. Жүргізуші Семей ауруханасына жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети