04 ақпан 2021 09:17

ШҚО-да жедел жәрдем қызметкерлері жол апатынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ШҚО ДП баспасөз қызметі Фото: ШҚО ДП баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында тасжолдағы апаттан жедел жәрдем қызметкерлері қаза тапты. Жүргізуші Семей ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысында тасжолдағы апаттан жедел жәрдем қызметкерлері қаза тапты. Жүргізуші Семей ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер оқиға 2021 жылдың 3 ақпанында сағат 19.25 шамасында болғанын айтты.

"Schmitz тіркемесі бар DAF маркалы жүк көлігінің 29 жастағы жүргізушісі Өскемен-Семей тасжолымен Семей бағытының 140/58 шақырымда қолайсыз ауа райы салдарынан: бұрқасын, көктайғақ кезінде көлікті игере алмай, қарсы бетке шығып кетіп, ГАЗ - A31R23 маркалы жедел медициналық жәрдем көлігіне соқтығысты", - деді полициядағылар.

1972 және 1979 жылдары туған екі медицина қызметкері жарақат салдарынан сол жерде қаза болды. Жедел медициналық жәрдемнің 44 жастағы жүргізушісі жарақат алып, Семей қалалық ауруханасына жеткізілген.

"Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамасы тағайындалды. Соталды тергеу жүріп жатыр", - деді ведомстводағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети