1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Цой Талғарда соққыға жығылған хирургке қатысты пікір білдірді 02 наурыз 2021, 15:22

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Талғар аудандық орталық ауруханасының соққыға жығылған хирургі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: uganka.ru Фото: uganka.ru

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Талғар аудандық орталық ауруханасының соққыға жығылған хирургі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұл "ерекше қаралуы қажет факт". Ведомство басшысы даулы мәселелерді өркениетті қоғамда күш қолдану арқылы шешуге жол берілмейтінін айтты.

"Медицина қызметкерін ұру - бұл ерекше назар аударатын жағдай.

Бұл оқиға бізді алаңдатып отыр. Зардап шеккен дәрігер қазір медициналық көмек алып жатыр. Дәрігер, мұғалім, әлеуметтік қызметкер мемлекетіміздің негізін құрайды және елдің әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Олар қашан да қоғам құрметіне лайық.

Физикалық және эмоционал шамадан тыс жүктеме, күрделі шешімдер қабылдау және адам өмірі мен денсаулығы үшін зор жауапкершілік арқалау үлкен күйзеліс тудырады. Соған қарамастан, олар күн сайын адамдарға көмек көрсетуге дайын. Бірақ осындай жағдайлар олардың еңбегін бағаламайтынымызды көрсетеді. Біз бұл жағдайға түбегейлі қарсымыз", - деді Цой.

Министр ведомство зардап шеккен хирургтің де, барлық басқа медицина қызметкерінің де құқықтарын қорғауға ниетті екенін айтты. Ол үшін Денсаулық сақтау министрлігінде НҚА жобасы әзірленді. Ол барлық дәрігер мәртебесін арттыруға, олардың құқығы мен мүддесін қорғауға, еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған.

Бұған дейін Талғар ауруханасының қабылдау бөлімінде науқастың туыстары хирургті ұрып-соққаны хабарланған еді. Түнгі кезекшілікте болған дәрігер науқасты қабылдаған. Оқиғадан кейін кезекші хирург ауруханаға жатқызылды. Оның миы шайқалған. Жағдайы қалпына келу үшін жеті күн ем алуы қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!