Тұман және 30 градус аяз: 11 ақпандағы ауа райы болжамы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазгидромет сейсенбі, 11 ақпанда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазгидромет сейсенбі, 11 ақпанда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана
Астанада ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, кей жерлерде аздаған қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -16...-18°C, күндіз -4...-6°C.

Алматы
Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады. Жел шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°C, күндіз 0...+2°C.

Шымкент
Шымкентте ауыспалы бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман және көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 8-13 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз 0...+2°C.

Ақмола облысы
Облыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында аздаған қар, боран, ал батысы, оңтүстігі және шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -8...-13°C, батысы мен оңтүстігінде -16...-21°C, күндіз -2...-7°C.

Алматы облысы
Жауын-шашынсыз. Оңтүстігінде және таулы аймақтарда тұман, жолдарда көктайғақ. Жел шығыстан 9-14 м/с, күндіз шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-15°C, солтүстігі мен таулы аймақтарында -18...-23°C, күндіз -3...+2°C, солтүстігі мен таулы аймақтарында -6...-11°C.

Жетісу облысы
Жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, Алакөл көлдері маңында күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -13...-18°C, оңтүстігінде -9°C, орталығы мен таулы аймақтарында -23°C, күндіз -0...-5°C, шығысы мен таулы аймақтарында -10°C, оңтүстігінде +3°C.

Түркістан облысы
Облыстың батысы, оңтүстігі және таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде таулы аудандарда қатты қар жауады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 8-13 м/с, түнде және таңертең солтүстігі мен таулы аудандарында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -0...-5°C, солтүстігінде -10°C, күндіз -1...+4°C, солтүстігінде -5°C.

Батыс Қазақстан облысы
Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-15°C, оңтүстігінде -7°C, күндіз -1...-6°C.

Атырау облысы
Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-11°C, күндіз -4...+1°C.

Маңғыстау облысы
Күндіз облыстың батысы, оңтүстігі және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-7°C, солтүстік-шығысында -10°C, күндіз -3...+2°C.

Ақтөбе облысы
Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -13...-18°C, батысында -10°C, күндіз -3...-8°C.

Қостанай облысы
Жауын-шашынсыз. Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында тұман. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -9...-14°C, шығысы мен оңтүстігінде -18°C, күндіз -2...-7°C, шығысында -10°C.

Солтүстік Қазақстан облысы
Күндіз облыстың солтүстік-шығысында аздаған қар жауады, боран күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, шығысы мен оңтүстігінде екпіні 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -8...-13°C, оңтүстік-батысында -18°C, күндіз -2...-7°C, оңтүстік-батысында -10°C.

Павлодар облысы
Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған қар, боран. Күндіз жолдарда көктайғақ. Оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, батысы, солтүстігі және шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -7...-12°C, батысында -15°C, күндіз 0...-5°C.

Қарағанды облысы
Жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың шығысында жолдарда көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -11...-16°C, шығысында -23°C, күндіз -2...-7°C, батысында -10°C.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer