29 шілде 2014 13:18

Түн тыныштығын бұзған тағы бір құрылыс мекемесі жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астанада тағы бір құрылыс компаниясына түнгі мезгілдегі шу үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астанада тағы бір құрылыс компаниясына түнгі мезгілдегі шу үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана қаласы әкімдігінің сайтында ішкі істер департаменті азаматтардың шағымы бойынша "Көркем" ЖШС-нің ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 333-бабының 1-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылғанын, оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынғанын хабарлады.

Жергілікті тұрғындар құрылыс жұмыстарының түнде тыныштық бермейтінін айтқан. "Бізді "Айбын Құрылыс" компаниясының "Көркем" тұрғын үй кешеніндегі күні-түні жүргізілетін құрылыс жұмыстары алаңдатады. Түнде де тоқтамайтын жұмыстар жақын маңдағы "Отандастар" тұрғын үй кешенінің тұрғындарына ұйқы бермейді", - делінген азаматтардың шағымында.

Бұған дейін Астанада "Лазурный квартал" тұрғын үй кешеніндегі құрылыс учаскесінің бастығы тұрғындарға түнде тыныштық бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. 

Айта кетейік, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 333-бабында жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланыссыз шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - екі, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады делінген.

Бұл әрекет қайталанған жағдайда айыппұл салынады. 2014 жылы бір айлық есептік көрсеткіш көлемі - 1852 теңге.

Құрылыстың шуы - Астана үшін өзекті мәселе. Былтыр осы себепті "Қолжетімді баспана" бағдарламасы аясындағы жұмыстар кешеуілдеген. Құрылыс қадасын қаққан кездегі шу тұрғындардың наразылығын туғызып, солардың шағымы бойынша нысандардың бірінің жұмысын тоқтатуға тура келген. Электронды үкімет порталы тыныштықты бұзу жағдайлары кезінде қалалық 102 немесе ұялы 112 нөміріне хабарласып, учаскелік инспекторды шақыруға болатынын тұрғындардың есіне салады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети