09 мамыр 2020 15:14

Түнде жарыс ұйымдастырған алматылық жүргізушілерге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: pixabay.com Сурет: pixabay.com

Алматыда түнгі жарысушыларға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматыда түнгі жарысушыларға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері түнде жарыс ұйымдастырған автокөлік жүргізушілеріне шара қолданды.

"Кеше түнде Төле би даңғылы мен Қайырбеков көшесінің қиылысында жол ережесін өрескел бұзған төрт жүргізуші анықталды. Олар қатысты ҚР ӘҚбК-нің 597-бабы 1-бөлімі және ҚР ӘҚбК-нің 601-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік хаттамалар жасалды. Көлік құралдары арнайы айыппұл тұрағына жөнелтілді. Құқық бұзушылардың арасында 1990 жылы туған бір қыз бар. Бұл автокөлік жүргізушілері көңіл көтеру үшін жолда бұзақылық жасағандарын айтты. Сонымен қатар, олардың ешқайсысы бұл әрекеттің, біріншіден, жол пайдаланушылары үшін қауіпті екенін ойламаған, екіншіден, жақын тұрған үйлердің тұрғындарына кедергі келтіретіндерін де еске алмаған”, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Манап Саттаро.

Спикердің айтуынша, күн сайын кешке және түнде жолдың бұл учаскесін екі патрульдік наряд бақылайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети