29 шілде 2019 11:58

Тұрғындар Алматы облысында жолды жауып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/taldykorganec_insta © instagram.com/taldykorganec_insta

Алматы облысының тұрғындары Алматы - Өскемен тасжолын жауып тастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы облысының тұрғындары Алматы - Өскемен тасжолын жауып тастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

28 шілдеде таңғы уақытта Талдықорған маңындағы Бақтыбай кенті арқылы өтетін республикалық автожолды 14 адам жауып тастады. Кент тұрғындарының тасжол маңындағы аумақты сапасыз жөндеуден өткізгеніне наразылық білдірді. Біршама уақыттан соң полиция қызметкерлері келді.

"Оқиға орнына келген полицейлер санкцияланбаған акция қатысушыларына заңсыз іс-әрекеттерге жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларды жол бойынан шығарып, тасжолды ашты. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесті, олар тұрғындардың наразылықтарын тыңдап, елді-мекеннің мәселелері бойынша шешу жұмыстарын жалғастырды", - деді ПД өкілдері. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Обычно в ауылах, сёлах, посёлках люди боятся всех и вся. Но в одном селении до сих пор пытаются бороться за свои права несколько семей из домов, расположенных на одной улице. Почти сквозь их дома проложили трассу. Стены сыпятся, в дождливую и снежную погоду осадки стекают во дворы их домов, помимо перечисленного, есть еще много нерешённых вопросов. И до сих пор нет конкретного ответа от местных властей по данной теме. Сегодня люди вышли с плакатами, перекрыв дорогу. Безысходность. Село Бактыбай, Ескельдинский район, Алматинской области.

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec_insta)

Кейінірек автокөлік қозғалысы қайта қалпына келтірілді. Рұқсат етілмеген акцияның бастаушылар мен оның белсенді қатысушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны айтылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети