Түрік компаниясы Батыс Қазақстан облысына инвестиция құюға мүдделі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев "Fatinoglu" түрік холдингінің өкілдерімен кездесу өткізді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев "Fatinoglu" түрік холдингінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Батыс Қазақстан облысының аумағында жаңа жоғары технологиялық өндіріс құру жобасын жүзеге асыру аясында ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады.

Нариман Төреғалиев облыс әкімдігі талқыланып жатқан жобаны жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтіп, қазіргі уақытта БҚО аумағында түрік капиталын тарта отырып, 7 кәсіпорын жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

"Өңірлерге инвестиция тарту Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Біздің облыс Түркия Республикасының компанияларымен белсенді ынтымақтасады, 2023 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 321,5 млн долларды, экспорт – 303,4 млн долларды, импорт – 18 млн долларды құрады. Біздің облыста жаңа жоғары технологиялық өндіріс құру жөніндегі бастамаларыңызды жүзеге асыруға мүдделі екендігіміз сөзсіз. Біз өз тарапымыздан сіздердің идеяларыңызды жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз", — деді облыс әкімі.

Ол сондай-ақ холдингтің өңірге кіруі жаңа технологияларды трансферттеу, жаңа жұмыс орындарын құру тұрғысынан келешегі мәні зор екенін, бұл жалпы аймақ экономикасына оң әсер ететінін атап өтті.

Айта кету керек, "Fatinoglu" холдингі әлемдік нарықтағы сантехника мен радиаторларды шығаратын ірі өндірушілерінің бірі ретінде Түркияның экспорттаушы компанияларының топ-рейтингіне кіреді.

Tengrinews
БҚО әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer