Түркия президенті Қазақстанға екі күнге сапармен келмейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия президенті Қазақстанға екі күнге сапармен келмейтін болды

Түркия президенті Қазақстанға екі күнге сапармен келмейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Режеп Тайип Ердоған 11 желтоқсанда Қазақстанға келуі керек болатын. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия президенті Қазақстанға екі күнге сапармен келмейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Режеп Тайип Ердоған 11 желтоқсанда Қазақстанға келуі керек болатын. 

РИА Новости мәліметінше, Түркия президенті Ыстамбұлдағы терактіге байланысты Қазақстанға сапармен келе алмайды.

Осыған дейін Ақорда Ердоғанның Қазақстанға екі күнге сапармен келетінін хабарлаған болатын. Сапар барысында Ердоғанның Назарбаевпен кеңейтілген құрамда кездесуі жоспарланған еді. 

Еске сала кетейік, бүгін түнде Ыстамбұлда бірден екі теракт болып, қаза тапқандардың саны 29 адамға жеткен болатын. Оқиға орнындағы жергілікті телеарна мәліметінше, полицейлер отырған автобустың маңында миналанған көлік жарылып кеткен. Жарылыстан зардап шеккендердің барлығы - полицейлер.

Ал кейінірек Түркия президенті Ыстамбұлда болған терактіге байланысты мәлімдеме жасады. Агенттіктің мәліметінше, Ердоған террористік акт қауіпсіздік қызметіндегілер мен бейбіт тұрғындарға қарсы ұйымдастырылғанын айтты. Сонымен қатар, президент Түркияның террористік ұйымдармен әлі де күресіп жатқанын айтты. Ердоған Түркияның бұл лаңкестерді жауапкершілікке тартатынын айтып өтті.

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети