08 тамыз 2020 09:23

Түркия Қазақстанмен әуе қатынасын тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия кей елдермен, соның ішінде Қазақстанмен жолаушы тасымалын тоқтатты. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшілігі Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркия кей елдермен, соның ішінде Қазақстанмен жолаушы тасымалын тоқтатты. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшілігі Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елшілік бұл шешім Түркия мен Қазақстан арасында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын барлық әуе компаниясына қатысты екенін нақтылады. Шешім қабылданғаннан кейінгі соңғы рейстер 5 және 6 тамызда орындалды. 

Рейстерді қайта бастау туралы мәселе пандемияға байланысты қаралады.

"Түркия бауырлас Қазақстанның коронавирус пандемиясымен күрес аясында қабылдаған шараларын бағалайды", - делінген хабарламада. Елшілік өкілдері осы уақытқа дейін Түркиядан Қазақстанға екі рет медициналық көмек жеткізілгенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков 10 тамыздан бастап Түркияға туристік рейстерді қайта бастау жоспарлары туралы мәлімдеген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети