23 ақпан 2023 15:24

Түркияда жер сілкінісінен кейін жетім қалған балаларды шетелдіктер асырап алуға бола ма?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уфук Экиджи шетелдіктер жер сілкінісі салдарынан жетім қалған Түркия балаларын асырап ала ала ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркияның Астанадағы елшілігінде өткен баспасөз мәслихатында Уфук Экиджи қазір елде 1858 бала патронаттық бақылауда екенін, олардың 200-інің әлі жеке басы анықталмағанын айтты.

"Жер сілкінісі кезінде жетім қалған балалар қазір мемлекеттің бақылауында. Бұл балалардың жеке басын анықтау және құжаттарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларға психологиялық көмек көрсетіледі. Бұл балалар басқа елдерге асырап алуға жіберілмейді. Олар Түркиядағы туыстарының отбасыларына орналастырылады", - деді елші.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети