10 ақпан 2023 17:20

Түркияда қаза тапқан екі қазақстандықтың денесі елге жеткізіледі - СІМ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.tr Фото: gov.tr

Сыртқы істер министрлігі Түркияда қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтың мәйіті Қазақстанға жеткізілетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыртқы істер министрлігі Түркияда қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтың мәйіті Қазақстанға жеткізілетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыртқы істер министрлігі Хатай провинциясының Антакья қаласында үйдің құлауы салдарынан қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Марқұмдардың мәйіттерін Отанына жеткізуге Сыртқы істер министрлігі барынша көмек көрсетеді.

Биыл 11 ақпанында Анталия-Алматы бағытындағы тұрақты рейспен жерлестеріміздің мәйіті Қазақстанға жеткізіледі деп күтіледі. Барлық шығынды мемлекет өтейді", - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Еске салайық, 8 ақпанда Түркияның Қазақстандағы елшісі төрт қазақстандық із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Сол күні үйінді астынан қазақстандық Сабина Мамадьярова құтқарылды.

Бейсенбі күні қазақстандық құтқарушылар Антакьяда толығымен қираған алты қабатты ғимараттың үйіндісін тазарту кезінде Қазақстан азаматы Әділ Қадырбековтің денесін тапты. Кейінірек екінші қазақстандық Мирболат Құрмашевтың денесі табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети