Түркияда болған жол апатында зардап шеккен Шолпан мен Тоғжан Тұрғынбековалар Анталиядағы жеке емханада әлі жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.
Түркияда болған жол апатында зардап шеккен Шолпан мен Тоғжан Тұрғынбековалар Анталиядағы жеке емханада әлі жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның Анталиядағы елшілігің қызметкерлері медициналық мекемеге күнде барады. Ал Айдын, Азамат және олардың анасы Гүлнәр Тілеубаева 8 тамызда ауруханадан шықты, қазір отельде жатыр. Tez Tour туристік компаниясы таяу күндері оларға әуе билеттерін әпереді. Бокстан Қазақстан чемпионы Зарина Цолоева өткен сенбіде елге қайтып оралды. Автобуста барлығы жеті қазақстандық болған.
Еске сала кетейік, 6 тамызда Памуккале - Анталия тас жолында туристер мінген автобус жол апатына түсті. Апат салдарынан 4 адам қаза тауып, 27-сі жараланды. Автобуста Ресей, Қазақстан, Литва және Беларусь туристері отырған. Жол апатында 18 жастағы қазақстандық Аида Сарабаева қайтыс болды. Оның денесі отанына жеткізілді.
Автобустың жүргізушісі ұсталды. Түркия полицейлері жол апатының себептерін анықтап жатыр. Жол апатын тергеп жатқан Түркия билігі оны қысқа мерзім ішінде аяқтауға сөз берді. Таяуда апаттан кейінгі бірнеше минутта түсірілген видео Желіде пайда болды. Зардап шегушілерге алғашқы көмекті түркиялық жүргізушілер мен сол маңның тұрғандары көрсеткенін кадрлардан көруге болады.