10 тамыз 2020 15:45

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Әкімшілігі және аймақ басшысы өкімімен Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Арман Жетпісбай тағайындалды.

Арман Жетпісбай 1971 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Күйбішев ауылында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 1993 жылы Қазақ химия-технология институтын "өнеркәсіп және азаматтық құрылыс" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2002 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетін "қаржы және несие" мамандығы бойынша "экономист" біліктілігін игерген.

1992 жылдан бастап 1999 жылғы шілдеге дейін түрлі коммерциялық құрылымдарда қызмет атқарған. 1999 жылдың шілдесінен 2000 жылдың сәуірі аралығы "Қазкоммерцбанк" АҚ-ның Шымкент қаласының филиалы директорының орынбасары, 2002-2003 жылдары "Казкоммерцбанк" АҚ-ның Қызылорда қаласы филиалының директоры, "Қазкоммерцбанк" АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

2003-2005 жылдары "Корпорация ARNA" ААҚ-ның атқарушы директоры, кейін "Корпорация ARNA" ААҚ басқармасының төрағасы болып сайланды. 2005-2006 жылдары "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймақ (АЭА) дирекциясы мемлекеттік мекемесінің директоры, 2006-2008 жылдары Түркістан облысы әкімінің орынбасары, 2008 жылдың ақпан айынан бастап Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған.

2012 жылдың 24 сәуірінде әкімдік қызметтен босатылды. 2015 жылдың желтоқсанында "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының директоры болып тағайындалған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети