20 қазан 2022 16:56

Түркістан облысында ауыл тұрғындары мақта сату мәселесіне байланысты жолды жауып тастады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Түркістан облысындағы Көксу ауылының тұрғындары Шардара ауданындағы жолды жауып тастады. Мақташылар бағаны көтеруді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысындағы Көксу ауылының тұрғындары Шардара ауданындағы жолды жауып тастады. Мақташылар бағаны көтеруді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 20 қазанда Шардара ауданында болған.

"Оқиға орнына аудан әкімі, полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ прокуратура өкілдері келді. Адамдар мақта бағасын көтеруді талап етіп, жолды жауып тастағаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдады. Жарты сағаттан кейін жол ашылып, жол қозғалысы қайта жанданды. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді ПД өкілдері.

Айта кетейік, облыста мақта жинау науқаны қыркүйектің ортасында басталған. Шаруалардың айтуынша, зауыттар шикізаттың тоннасын небәрі 200 мың теңгеге қабылдайды, ал тыңайтқыштар мен жанар-жағармай бағасы бірнеше есе қымбат, сондықтан шығындар өтелмейді.

Шаруалардың түйткілді мәселесіне жергілікті билік араласып, кейін баға тоннасына 250 мың теңгеге дейін көтерілген. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шаруалармен кездесіп, баға саясаты сыртқы нарықтағы өнімге сұраныс негізінде қалыптасатынын түсіндірді.

"Еліміздегі мақта егетін бірден-бір аймақ саналатын Түркістан облысында мақта саласы негізінен экспортқа бағытталған. Сондықтан баға саясаты сыртқы нарықтағы өнімге сұраныс негізінде қалыптасады. 70 мың тоннаға жуық өнім өндірілді. Облыста жыл сайын мақта жиналады, ішкі нарықтағы сұраныс 20 мың тонна. Облыста өндірілген мақта талшығының жоғары сорттары Түркия, Ресей және Еуропа елдеріне экспортталады. Мақта өсіруге арналған тыңайтқыштар мемлекет тарапынан субсидияланады", - деп түсіндірді Сатыбалды. 

Облыс әкімдігі мәліметінше, бүгінде облыста жоспарланған көлемнің 87 пайызы, яғни 286,6 мың тонна мақта жиналды. 659 комбайнмен жалпы жиналған мақтаның 259,9 мың тоннасы (90,0 пайызы) жиналған.

"Геосаяси жағдайларға байланысты көптеген логистика үзіліп, тасымалдау шығындары бірнеше есе өсті. Бұл мақта сатып алатын шетелдік компаниялардың Қазақстан нарығына деген қызығушылығын төмендетті. Осыған байланысты облыс әкімінің мақта талшығын экспорттауға мүдделі басқа шетелдік компанияларды анықтау туралы тапсырмасына сәйкес Zhanassyl жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (мақта өңдеу зауыты) арқылы көрші Қытай Халық Республикасының инвесторларымен келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер қорытындысы бойынша тауар өндірушілерден мақтаны тоннасы 330 000 теңгеден қабылдап жатыр" - деді әкімдіктің баспасөз қызметі тілшісіне.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети