01 тамыз 2020 10:52

Түркістан облысында дәрі-дәрмекті негізсіз қымбат сатқан дәріхана анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері карантин кезінде тұрғындар мен дәріханалардың жоғары сұранысқа ие дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды жоғары бағамен заңсыз сату жайттарын анықтау бойынша рейдтік және профилактикалық іс-шараларды жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері карантин кезінде тұрғындар мен дәріханалардың жоғары сұранысқа ие дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды жоғары бағамен заңсыз сату жайттарын анықтау бойынша рейдтік және профилактикалық іс-шараларды жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, Түркістан облысы Созақ ауданындағы дәріханалардың бірінде дәрі-дәрмектерді негізсіз жоғары бағамен сату жағдайы анықталған. 

Жергілікті полицияға Созақ ауданы Құмкент аулының дәріханасында дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатылып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған жайтты тексеру мақсатында құрамында полиция қызметкерлері мен басқа да мүдделі органдардың өкілдері бар мобильді топ шыққан.

Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері дәріхана сатушысының тұтынушылардың біріне 10 дана "Терафлю", "Цефозалиннің" бес ампуласы және 5 медициналық шприцті 4000 теңгеден астам қаржыға, яғни белгіленген бағадан екі есе қымбат сатқанын анықтады. Осы жайт бойынша жиналған материалдар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Түркістан облысы бойынша фармакологиялық комитетіне заңды шешім қабылдау үшін жіберілді. 

Жалпы алғанда карантин кезінде Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері мен жергілікті полиция қызметкерлері дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды жоғары бағамен заңсыз сатудың 52 жайтын анықтаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети