Түркістан облысында дезинфекция орталығының бас директоры сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысы Дезинфекция орталығының бас директоры сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы Дезинфекция орталығының бас директоры сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Шымкент Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы" ШЖҚ РМК филиалының бас директоры К. Төрегелдиевке және жеке компанияның басшысы Д. Озықбаевқа қатысты үкім шығарды.

"Төрегелдиев алаяқтық, пара беруге итермелеу және немқұрайлық танытқаны, ал Озықбаев пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Төрегелдиев РМК-да жүргізіліп жатқан аудиторлық тексеру жөніндегі мәселенің шешімін оң жақты еткені үшін лауазымды тұлғаларға пара беру сылтауымен Озықбаевтың 500 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені анықталды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Төрегелдиев өз міндеттерін тиісінше орындамау нәтижесінде орындалған жұмыстардың актілеріне оны нақты орындалмай қол қойды, сол арқылы мемлекетке 2,2 миллион теңге сомаға залал келтірген.

Сот үкімі бойынша, Төрегелдиевке 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, Озықбаевқа 7,5 миллион теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Сонымен қатар, аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer