05 сәуір 2022 10:33

Түркістан облысында фермерлер тыңайтқыш пен отын қымбаттағанына шағымданды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Тұрар Қазанғапов Сурет: Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысында фермерлер мен бағбандар дизель отынымен қамтамасыз етілмегеніне, тыңайтқыш қымбаттағанына шағымданды, - деп хабарлайды "Хабар 24"


Түркістан облысында фермерлер мен бағбандар дизель отынымен қамтамасыз етілмегеніне, тыңайтқыш қымбаттағанына шағымданды, - деп хабарлайды "Хабар 24"

Үтіртөбе аулының тұрғыны Сәулебек Шағырбаев бірнеше жылдан бері қырыққабат өсіреді. Ол биыл қырыққабатты бір жарым гектар жерге отырғызған. Тұқым отырғызудың айтарлықтай шығыны бар әрі тыңайтқыш қымбаттап кеткен, оған ақша жетпейді.

"Екі ай ішінде бір жарым миллион теңге жұмсадым. Бірақ әлі де дизель мен нитрат қажет. Қымбат болса, қалай сатып аламыз? Мұндай шығынға қаражатым жетпейді. Бақша - ауылдағы табыстың бірден-бір көзі. Мұнда 200-ге жуық шаруа қожалығы бар. Минералды тыңайтқыштар мен отын қымбаттап кеткен соң көпшілігі көктемгі жұмыстарды аяқтай алмай отыр", - дейді Сәулебек Шағырбаев.

Жетісай ауданының тұрғыны Батырбек Бекмұратов биыл жеңілдетілген бағамен дизель отыны жоқ екенін, бірақ бақша отырғызу керегін атап өтті.

Мамандардың айтуынша, тыңайтқыш өндіретін отандық компаниялар өнім бағасын үш есеге көтерген. Ал ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері дизель мәселесін жоққа шығарып отыр. Олар дизель литріне 195 теңгеден сатылатынын, бұл салыстырмалы түрде арзан екенін айтады.

"1 қаңтардан бастап минералды тыңайтқыштар тоннасына 73 мыңнан 199 мың теңгеге дейін қымбаттады. Бұл мәселені бірнеше рет көтердік, нәтижесінде баға 160 мың теңгеге дейін арзандады. Тыңайтқыштарды сатып алуға субсидия төлейтін арнайы нормативтер дайындадық. Бұл мәселе шешілгеннен кейін фермерлер төлемді ала бастайды", - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов.

Түркістан облысында жазғы дақылдардың жалпы егіс көлемі - 495 мың гектар. Фермерлердің айтуынша, бүгінде учаскелер толық өңделген. Олар қолдау көрсетілсе, көктемгі дала жұмыстарын аяқтай алатынына үміттенеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети