21 қазан 2022 08:46

Түркістан облысында жарты миллиард теңгеге салынған станцияны тонап кеткен

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы Түлкібас ауданында жарты миллиард теңге тұратын қосалқы станцияны тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR басылымына сілтеме жасап.


Түркістан облысы Түлкібас ауданында жарты миллиард теңге тұратын қосалқы станцияны тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 7 жыл бұрын 30 гектар аумақта тамақ өнеркәсібінің 10 түрлі цехы ашылмақ болып, соны электр қуатымен қамтамасыз ету үшін қосалқы станса салынған. Бірақ қазір ол жарамсыз. Себебі ішіндегі заттардың барлығы ұрланып, алып трансформатордың тек қаңқасы қалған.

Нысан аумағында осындай қуаттылықтағы тағы бір қосалқы станция орнатылып, оны да талқандап тастаған. Жәшіктерді сындырып, сымдарды кесіп, жабдықтарды ұрлап алып кеткен. Электр қуатын тарататын қондырғылар да талан-таражға түскен.

"Неге миллиондаған қаржы жұмсалған затты қадағаламайды, біздің ақшаға, салыққа салынған дүние ғой", - дейді Түлкібас ауданының тұрғыны Нұрлыбек Төреманов.

Нысанда қауіпсіздік үшін орын қарастырылмаған, сондықтан қосалқы станцияны ешкім күзетпеген.

"Ол энергетика басқармасына тиесілі болған. Энергетика басқармасы индустриялық аймақты қорғау жұмыстарын жүргізбеген деп ойлаймын. 2017 жылы бағалы техникалар ұрланған, ол бойынша қызметтік хаттар берілген. 2019 жылы қосалқы станса Түлкібас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөліміне берілді", - дейді Түлкібас аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Бекайдар Құрманалиев.

Ұрылар қосалқы стансадан 552 миллион теңгенің құрал-жабдықтарын алып кеткен, полиция алдымен істі қозғап, кейін жауып тастаған. Энергетика басқармасы түсініктеме беруден бас тартып, жарты миллиард теңгені құрайтын нысанның неліктен қорғаусыз қалғанына жауап бере алмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети