Түркістан облысында жоғалған 7 жігіттің үшеуі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында жоғалған 7 жігіттің үшеуі табылды ото: gov.kz

Түркістан облысында тауларда жоғалып кеткен жеті жігіттің үшеуі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында тауларда жоғалып кеткен жеті жігіттің үшеуі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін аэровизуалды ұшу барысында Қазавиақұтқару тікұшағымен Сайрам-Өгем шатқалында жоғалып кеткен жеті адамның үшеуі табылды. Жағдайы қанағаттанарлық. Қалған туристерді іздеу жалғасып жатыр. 

Бүгінде Апаттар медицинасы орталығының психологтары жоғалғандардың туыстарына психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрульі, ұлттық парк қызметкерлері мен жоғалғандардың туыстары, сондай-ақ 2 Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды.

Еске салайық, кеше, 27 мамырда Назарбаев университетінің баспасөз қызметі Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті саяхатшының алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлаған болатын. 21 мамырда университеттің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шығып кеткен. 

Сондай-ақ, жоғалған студенттердің есімі жарияланған еді:

Әлімжан Хайруллин Ақтөбеден;
Бағдат Төлеу Ақтөбеден;
Нұрдәулет Наурызбай Атыраудан;
Диас Төлегенов Оралдан;
Саят Өскенов Жезқазғаннан;
Абылай Тоқтасын Кентаудан;
Қуаныш Тоқтасын Кентаудан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети