11 маусым 2021 17:04

Түркістан облысында жоғалған туристер әлі іздестіріліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құтқарушылар Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен туристерді іздестіру жұмыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚР ТЖМ РЖҚЖ" ММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Құтқарушылар Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен туристерді іздестіру жұмыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚР ТЖМ РЖҚЖ" ММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Республикалық жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының 10 адамнан құралған жеке жасағы Түркістан облысының тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. 10 маусымда Өгем өзені арнасының бойындағы Жетігөр шатқалы және Өгем мен Айғыржыққан өзендерінің қосылған жері тексерілді, іздестіру жұмыстары нәтиже бермеді", - деді ведомство өкілі.

11 маусымда туристердің заттары табылған жерге құтқарушылар тікұшақпен жеткізілді. РЖҚЖ қызметкерлері екі топқа бөлініп, Айғыржыққан шатқалында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті.

Құтқарушылардың айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстарына өзеннің ағысы мен тау шатқалдары кедергі келтіреді.

"Республикалық жедел-құтқару жасағы іздестіру аймағын кеңейту үшін қосымша күш ретінде екі кинологиялық есепті қоса алғанда, жеке құрамның тағы сегіз адамы жіберілді", - деді баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, кеше, 27 мамырда Назарбаев университетінің баспасөз қызметі Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті саяхатшының алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлаған болатын. 21 мамырда университеттің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шығып кеткен. Бүгін жоғалған 7 жігіттің үшеуі табылды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.14   490.7   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети