28 шілде 2020 16:35

Түркістан облысында карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының полицейлері 500-ге жуық карантин талаптарын бұзушылық фактісін анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Түркістан облысының полицейлері 500-ге жуық карантин талаптарын бұзушылық фактісін анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, Түркістан облысының полицейлері Бас мемлекеттік санитарлық-дәрігердің қаулысына сәйкес, күн сайын карантиндік шараларды бақылау және сақтау, азаматтар мен түрлі ұйымдардың, кәсіпкерлердің карантин режимін бұзуын анықтау бойынша қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Арнайы мобильдік топтар адамдар көп шоғырланатын орындарда тұрақты рейдтік шаралар мен тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соның нәтижесінде облыс аумағында мобильдік топтар карантин енгізілген уақыттан бері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы" бойынша 472 құқықбұзушылықтарды анықтады, оның ішінде 15 жайт - үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыру. Тәртіп бұзушыларға қатысты полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды.

Жинақталған ақпараттар шешім қабылдау үшін тиісті органға жіберілді. Мысалы, Арыс ауданында полицейлер бір күн ішінде жергілікті тұрғындардың отбасылық және үйлену тойларын ұйымдастыруының үш фактісін анықтады. Осылайша, 26 шілдеде Арыс ауданы Монтайтас кенті тұрғындарының бірі коронавирустық инфекцияның таралу қаупі мен карантиніне қарамастан, өз үйінде "қыз ұзату" іс-шарасын өткізген. Сол күні Арыс АПБ-ның мобильдік топтары ауылдықтардың үйлену тойларын ұйымдастыруының тағы екі жайтын анықтады, яғни "беташар".

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети