11 сәуір 2021 13:38

Түркістан облысында карантинге қарамастан той жасағандар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: "Отырар" Фото: "Отырар"

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында карантинге қарамастан құдалық той жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды "Отырар".


Түркістан облысының Мақтаарал ауданында карантинге қарамастан құдалық той жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды "Отырар".

Портал мәліметінше, Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері сағат 13:00 шамасында мақтааралдық тұрғынның үйінде құдалық тойын өткізіп жатқанын анықтады. Тойға 70-ке жуық адам жиналған. Мобильдік топ мүшелері жиналған тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тойды дер кезінде тоқтатты.

Жалпыға ортақ шектеу шараларын сақтамауымен қатар, карантин талаптарын елемеген той иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу" бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық СЭББ-ға жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети