Түркістан облысында мемлекеттік субсидияны жымқыру схемасы әшкере болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Түркістан облысында мал дәрігерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында мал дәрігерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Сауран аудандық ветеринария бөлімінің ветеринариялық станция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Облыс прокуратурасының мәліметінше, күдіктілер мал шаруашылығын дамытуға бөлінген аса ірі мөлшердегі мемлекет қаржысын жымқырған. Іс сотқа жеткен.

"Тергеу барысында Оранғай, Жаңа Иқан ауылдық округтерінің ветеринарлары мен ветеринарлық бекеттің меңгерушісі 31 шаруа қожалығында іс жүзінде жоқ малдар бар екені туралы деректер базасына жалған мәліметтер енгізіп, жалпы сомасы 271 млн теңге субсидияны жымқырғаны анықталды", - деді Түркістан облысы прокурорының орынбасары Досымхан Айтишев.

Станция қызметкерлері қолдан құжат жасап, өмірде жоқ ұсақ және ірі қара малды тіркеген және сол арқылы мемлекеттің аса ірі көлемдегі ақшасын қолды қылған. Күдікті ретінде 5 адам ұсталған.

"Іс бойынша 5 адам күдікті деп танылды. Оның ішінде үшеуі - ветеринария қызметкері. Біреуі - ветеринария станциясының меңгерушісі", - деді Түркістан облысы прокурорының орынбасары Досымхан Айтишев.

Күдіктілер жымқырды деген 271 миллион теңге ақшаның 19 миллион теңгесі қайтарылған. Олардың 120 миллион теңге тұратын мүлкіне тыйым салынған. Сот тергеуі басталған.

Еске салайық, бұған дейін ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті несиелік серіктестік басшысына қатысты 150,7 млн теңге көлеміндегі субсидияны жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.57  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer