22 маусым 2021 16:38

Түркістан облысында өлі табылған турист кім екені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ТЖМ баспасөз қызметі © ТЖМ баспасөз қызметі

Түркістан облысының полицейлері бүгін Төле би ауданына қарасты "Сайрам-Өгем" шатқалында табылған туристің мәйітін туыстарына тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысының полицейлері бүгін Төле би ауданына қарасты "Сайрам-Өгем" шатқалында табылған туристің мәйітін туыстарына тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстың полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті туристің соңғысы табылғанын хабарлады. Жоғалған студенттердің бірінің туысы мүрдені танығанын айтты.

Бұған дейін ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли Түркістан облысының тауларынан тағы бір мәйіт табылғанын хабарлаған болатын

Еске салайық, 25 мамырда Түркістан облысының тауларында жеті туристің жоғалғаны белгілі болды. Олар екі топқа бөлінген. 

28 мамырда тікұшақпен үш адам тірі табылды. Олардың екеуі 1999 жылғы және біреуі - 2000.

29 мамырда құтқарушылар тағы екі туристің мәйітін тапты. Жоғалған студенттердің бірі 12 маусымда өлі табылды.

Құтқарушылар бүгінге дейін туристердің соңғысын іздеп келді. Іздеу 27 күнге созылды.

Жоғалған жеті адамның алтауы Назарбаев Университетінің студенті екені белгілі.

Аталған дерек бойынша Түркістан облысының полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети