Түркістан облысында өзен көпірлерді шайып кетті, ондаған адам эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында өзен көпірлерді шайып кетті, ондаған адам эвакуацияланды Иллюстрациялық фото:depositphotos.com

Түркістан облысы Төле би ауданында, Ақмешіт ауылының туристік аймағында нөсер жауын салдарынан Ақмешіт өзеніндегі су деңгейі көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Түркістан облысы Төле би ауданында, Ақмешіт ауылының туристік аймағында нөсер жауын салдарынан Ақмешіт өзеніндегі су деңгейі көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы 1 мамырда Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Нәтижесінде демалыс аймағы мен пикник аймағын байланыстыратын екі уақытша көпір шайылып кетті. Екпінді ауданындағы өткел де зақымдалды", – делінген хабарламада.

Оқиға орнына ТЖМ күштері келгені хабарланды. Құтқарушылар Екпінді ауылынан 11 адамды, оның ішінде 7 баланы қауіпсіз жерге өткізді. Демалыс орны аумағынан 70 адам эвакуацияланды, олардың арасында 20 бала бар.

"Уақытша өткізу пунктін орнату үшін арнайы техника тартылды. Ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ. Зардап шеккендер болған жоқ", – деп атап өтті министрлік.

Оқиға орнында ТЖМ, "Қазселденқорғау", полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Бірнеше сағат бұрын ТЖМ баспасөз қызметі Төле би ауданы Қасқасу ауылдық округінде нөсер жаңбырдан кейін жолдың шайылған бөлігінде бес жеңіл автокөлік тұрып қалғанын хабарлаған болатын. ТЖМ Жедел-құтқару жасағының күштері көліктер мен 15 адамды эвакуациялады.

Бұдан бөлек, күндіз Алатау ауылында, "Тау самалы" тау шаңғысы базасының маңында тағы бір көлік құтқарылды. Көлік ішінде 10 адам, оның ішінде үш бала болған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 463.09   541.61   6.19 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер