16 наурыз 2022 09:37

Түркістан облысында үйлерді су басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында толассыз жауын жауып, үйлер мен қора-қопсыны су басты. Арнайы құрылған штаб зардап шеккендерге көмек көрсетуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.


Түркістан облысында толассыз жауын жауып, үйлер мен қора-қопсыны су басты. Арнайы құрылған штаб зардап шеккендерге көмек көрсетуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.

Жетісай мен Мақтаарал аудандарында апта бойы жауған жаңбыр салдарынан үйлер мен қора-жайлар су астында қалды. 

Түркістан облыстық ТЖД басқарма басшысының мәліметінше, Жетісай ауданында 36 үйді, Мақтаарал ауданында 12 үйді су басты.

Жергілікті билік өкілдері ауданда жерасты суларын соратын дренаждардың басым көпшілігі істен шығып қалғанын айтады.

"Ауданда 392 тік дренаж болатын болса, бүгінгі таңда оның 82-сі жұмыс істеп тұр. 72-сі режимге сәйкес тоқтап тұр. 233-і жөндеуді қажет етеді. Ауданда жедел желі іске қосылып, су басқан үйлерге көмектер көрсетілуде", - дейді Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Әшірбай Тасов. 

Айта кетейік, ауа райын болжаушылар нөсер жауынның алдағы төрт күн бойы жалғасатынын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети