22 маусым 2021 | 13:09

Түркістан облысының тауларында тағы бір адам өлі табылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ТЖМ баспасөз қызметі © ТЖМ баспасөз қызметі

Түркістан облысының Төле би ауданына қарасты "Сайрам-Өгем" шатқалында тағы бір адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының Төле би ауданына қарасты "Сайрам-Өгем" шатқалында тағы бір адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"22 маусым сағат 11.50-де Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыда су түбінен тапты", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Мүрдені тасымалдау үшін "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы оқиға орнына бара жатыр. Табылған мәйіт сараптама жасалу үшін полиция қызметкерлеріне табысталады.
Іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оған 107 адам, 17 техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен 1 тікұшақ жұмылды.

Еске салайық, 25 мамырда сағат 18.30-да "112" пультіне жеті турист жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Іздестіру жұмыстары 27 тәулік бойы жалғасты. Бұған дейін 3 турист құтқарылса, тағы үш туристің мәйіті табылған болатын.

ҚР ТЖМ өкілдері барша адамға таулы жерлерде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, дайындықсыз тауға шықпауға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети