05 қаңтар 2023 13:41

Түркістан облысының таулы аймақтарында 12 адам іздестіріліп жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының тауларында 12 адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Түркістан облысының тауларында 12 адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылдың 5 қаңтарында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің "112" пультіне Бәйдібек ауданы, Байжансай тауында екі көлікпен шыққан адамдардың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы жұмылдырылған.

"Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жұмылдырылды. Ауа райына байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағын пайдалану жоспарланып отыр. Із-түзсіз жоғалғандар соңғы рет 2023 жылғы 3 қаңтарда сағат 16:00 хабарласқан. Өтініш берушінің айтуынша, жоғалған адамдар 3 қаңтарда Шымкентке оралуы керек болған екен", - делінген хабарламада.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты жасалатын ескертулерді назардан тыс қалдырмауды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети