09 ақпан 2021 09:13

Түркістан облысының тұрғыны дәрігерлерді жаңа туған ұлының өліміне кінәлі деп айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Түркістан облысындағы перинаталдық орталықта сәби өлі туды. Оның әкесі бұған дәрігерлерді кінәлап отыр. Оның сөзінше, дәрігерлер оның әйеліне салғырт қараған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 


Түркістан облысындағы перинаталдық орталықта сәби өлі туды. Оның әкесі бұған дәрігерлерді кінәлап отыр. Оның сөзінше, дәрігерлер оның әйеліне салғырт қараған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Бағлан Саудашевтың сөзінше, оның әйелі толғатар алдында қатты ауырсынып, дәрігерлерден кесар тілігін жасауды сұраған. Алайда, ер адамның айтуынша, перинаталдық орталық мамандары жағдайға дұрыс қарамаған. Олар әйел адам өзі босана алады деп ойлаған. Оның жағдайы нашарлай түскен кезде дәрігерлер операция жасауды шешкен, алайда тым кеш болып кеткен.  

"Олар уақытылы көмек көрсетпеді. Менің әйелім ол жерде үш күндей болды. Операция жасауға өзі рұқсат берген. Қатты қиналды. Ал дәрігер келіп: "Өзің босанасың. Уайымдама. Бәрі жақсы болады" деді. Жағдайы нашарлап кеткеннен кейін операция жасады", - дейді Бағлан Саудашев. 

Телеарна мәліметінше, Саудашев полицияға арыз жазған. Тәртіп сақшылары тергеуді бастап кетті. Ал перинаталдық орталық өкілдері әйел адамға операция жасауды ұсынғанын, алайда ол өзі ота жасатудан бас тартқанын айтады. Тіпті дәрігерлер әйел адамның жазған өтінішін көрсеткен. Дәрігерлердің сөзінше, операция баланың жүрек қағысы нашарлай бастаған кезде жасалған. 

"Бастапқыда процесс бірқалыпты келе жатқан. Сосын қауіпті жағдай байқала бастағанда жедел босандыру керек болды. Біз жатырішілік ақаулар болуы мүмкін деп болжадық. Бірақ оның жауабын патологиялық-анатомиялық зерттеу береді", - деді акушер-гинеколог Ақмарал Мұқашева. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети