07 маусым 2019 10:10

Түркістан облысының тұрғыны қызының тірі екенін дәлелдей алмай жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Хабар 24 © Хабар 24

Түркістан облысы Отырар ауданының тұрғыны Жанат Сүлейменова қызын ауруханаға емдетуге апарған. Алайда, сол уақыттан бері дәрігердің емес, әкімшілік пен соттың табалдырығын тоздырып жүр. Себебі, аурухана қызметкерлері оның қызын тірілер қатарынан таппаған, - деп хабарлайды "Отырар"


Түркістан облысы Отырар ауданының тұрғыны Жанат Сүлейменова қызын ауруханаға емдетуге апарған. Алайда, сол уақыттан бері дәрігердің емес, әкімшілік пен соттың табалдырығын тоздырып жүр. Себебі, аурухана қызметкерлері оның қызын тірілер қатарынан таппаған, - деп хабарлайды "Отырар"

Басылым мәліметінше, Айжан отбасындағы бесінші перзент. Егіз туған сыңардың бірі жасына жетпей қайтыс болған. Ал Айжанның жасы бүгінде 12-де. Үйдің сүт кенжесі, ата-анасының көз қуанышы өмірде бар болғанымен, құжат бойынша өлілердің қатарында.

"Қызым ауырып ауруханаға бардық. Басы ауыратын. Сол жердегі қыздар «ол өлілердің тізімінде қарамаймыз» деді. Содан бірі әлі жүгіріп жүрмін. Енді менің құжатымды шешіп беретін бір адам болмаған соң жүрмін әлі. Біреуі де шешіп бермейді", - дейді қыздың анасы Жанат Сүлейменова.

Құжатты рәсімдеуге жауапты мекеме өкілі болса Айжанның өлілер қатарынан табылғанына біздің ешқандай қатысымыз жоқ деп, ат тонны ала қашқан. Оның айтуынша, барлығына да жұмысы қайта-қайта үзіле беретін электеронды база кінәлі.

"Бұл адами фактор емес. Өйткені біздің базада тірі. Егер де біздің базада қайтыс болған болса, онда адами фактор болуы керек еді. Порталда қате болып тұр. Сол жақта өлі деп көрсетіп тұр. Сол жерден қызмет алған ғой, ІІМ-нің базасы қате", - дейді Отырар ауданының Халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдира Киізбай. 

Уайымнан Айжанның сырқаты да асқыныпты. Аудан әкіміне мәселені шешіп беруін өтініп талай барған. Бірақ әкіммен сөйлесу тұрмақ оның жүзін көру арман болып қалған. Бір жыл бойы табалдырықтан аттатпаған хатшының бар жауабы "өзіміз хабарласамыз" болған. Осылайша шенеуніктер мәселені шешудің емес, кінәні кімге аударудың жолын іздеп әлек. Ал Айжанның құжат бойынша қашан тірілер қатарына қайта қосылары белгісіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети