Түркістан: Сарыағашта “Жайлы мектеп“ жобасы аясында төрт мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Сарыағаш қаласындағы Оспанов көшесі мен "Телемұнара" шағынауданында "Жайлы мектептердің" құрылысы жүргізілуде. Аудан басшысы Арман Абдуллаев құрылыс жұмыстарымен танысты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сарыағаш қаласындағы Оспанов көшесі мен "Телемұнара" шағынауданында "Жайлы мектептердің" құрылысы жүргізілуде. Аудан басшысы Арман Абдуллаев құрылыс жұмыстарымен танысты.

Алдымен аудан басшысы Оспанов көшесінің бойындағы білім беру ордасының құрылыс жұмыстарын бақылады.
Бүгінде мектеп ғимаратының ішкі сылақ жұмыстары мен ішкі электр жүйесі жүргізіліп, спорт залына ферна орнатылуда. Жалпы құрылыс жұмыстарына 35 адам жұмылдырылған.

Одан соң Телемұнара шағын ауданында салынып жатқан "Жайлы мектептің" құрылыс жұмыстарының барасы саралады.

Мектеп ғимаратының ішін сылау, ішкі электр жүйелерін және ішкі желдету жүйесінің қораптары орналастырылу жұмыстары жүргізілуде. Парепеттің темір орамалары қойылып, жылу жүйесінің ғимаратқа кіргізу жолы қазылып құбырлар орнатылуда. Сондай-ақ білім беру ордасының кәріз жүйесінің жүргізу толық аяқталып, ауыз су жүйесінің полиетилен құбырлары орнатылып, қысыммен тексеру жұмыстары атқарылуда. Жалпы құрылыс алаңында 130 адам құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Одан бөлек Жаскешу елді мекенінде орналасқан "Жайлы мектептің" құрылыс жұмыстарын аралап көрген аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне бірқатар кемшіліктерді атап өтіп, құрылысты уақытында аяқтауды тапсырды.

Қазіргі таңда, 900 орындық "Жайлы мектептің" мектеп ғимаратының Г2 блогында кірпіш қалау ,ішкі электр жүйесін және су жүйесін орнату сонымен қатар, сантехника жұмыстары, нысанның резервуар құю жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс алаңында 116 адам құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, Дербісек елді мекеніндегі 900 орындық мектеп ғимаратының құрылыс алаңында болып, мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарын сапалы және мерзімінде аяқтауды, сондай-ақ құрылыс жұмыстарына сапалы материалдарды қолдану керек екендігін ескертті.

Бүгінгі күнде Дербісектегі "Жайлы мектептің" ғимаратына ішкі әрлеу жұмыстары басталған. Ғимараттың ішкі сантехника жіне электр жүйелерін жүргізу жүмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, мектеп ғимаратына есік және еденге кафель орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс алаңында 190 құрылысшы жұмылдырылған.

Айта кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен үш ауысымды, апатты жағдайдағы ескі мектептер мәселесін шешу бағытында "Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде заманауи мектеп ғимаратының құрылысы жүргізіліп, ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайту көзделген. Жоба аясында Сарыағаш ауданында 10 мектеп салу жоспарланған.

Tengrinews
Түркістан облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.7  course up  589.98  course up  6.39  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer