19 мамыр 2021 09:18

Түркістанда әкімдік ғимараты сатылып, іс сотқа жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Түркістанда әкімдік ғимараты қонақ үй ретінде сатылды. Оның алдында шенеуніктер нысанды жөндеп, оған 257 миллион теңге жұмсаған. Сот ғимараттың сату-сатып алу келісімін жарамсыз деп тану туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды "Евразия" бірінші арнасы.


Түркістанда әкімдік ғимараты қонақ үй ретінде сатылды. Оның алдында шенеуніктер нысанды жөндеп, оған 257 миллион теңге жұмсаған. Сот ғимараттың сату-сатып алу келісімін жарамсыз деп тану туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды "Евразия" бірінші арнасы.

Телеарна журналисінің мәліметінше, қала әкімдігі мұндай шешім туризмді дамыту үшін шығарылғанын айтқан.

"Қаланың туристері мен қонақтарына жайлы жағдай жасау үшін заманауи қонақ үй ашу жобасы дайындалды. Түркістан облысы әкімінің хаттамалық өкімі 2019 жылы берілді. Қазіргі уақытта Түркістан қаласы әкімдігі облыстық әкімдіктің ескі ғимаратында орналасқан. Жаңа ғимаратқа көшу немесе салу жоспарланбаған", - делінген Түркістан қаласы әкімдігінің ресми жауабында.

Аумағы 2,5 мың шаршы метрден асатын төрт қабатты ғимарат электрон аукцион арқылы сатылыпты. Ғимараттың жаңа қожайыны 74 жастағы көкшетаулық зейнеткер Күлбибі Бектасова болды. Зейнеткер оны 313 миллион теңгеге сатып алған.

"Қандай мәселе бар? Құжатымыздың бәрі дайын болса да, қазір ол жерде жұмыс бастай алмай отырмыз. Мен меншік иесімін. Біз бұл жер учаскесін Жер кодексіне сәйкес рәсімдедік, аумақтың ақысын төледік. Құжаттарымыз қолымызда", - деді ғимараттың жаңа иесі телеарнаға берген сұхбатында.

"Еуразия" бірінші арнасы журналисінің мәліметінше, үкімет үйінің сатылуын прокурорлар тексерген. Олардың пікірінше, нысанның құны жасанды түрде 30 пайызға төмендетілген. Прокурорлар сотқа шағым түсірді. Айыпталушылар - Түркістанның мемлекеттік органдары, бағалауды жүргізген компания және жаңа меншік иесі.

"Түркістан қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі мен жеке кәсіпкер Бектасова Құлбибі арасындағы ғимаратты сатып алу-сату туралы келісім жарамсыз деп танылсын. Мемлекеттік мүлікті қабылдау-сату актісінің күші жойылып, жарамсыз деп танылсын", - деген шешім шығарды Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Айыпталушылар апелляциялық шағым бере алады. Жергілікті әкімдік прокурорлардың негізгі шағымы нысанның бағасы екенін айтады. Егер ғимарат қала меншігіне қайтарылса, оны тағы сатылымға шығаруы мүмкін, деді телеарна журналисі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети