11 мамыр 2021 14:37

Түркістанда әкімдік "көгалды жасыл түске бояуға" қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Түркістан әкімдігі адамдардың "көгалды жасыл түске бояп жатқаны" көрсетілген видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан әкімдігі адамдардың "көгалды жасыл түске бояп жатқаны" көрсетілген видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Түркістандағы "шөпті бояу" сәтінің видеосы талқыланып жатыр. Видео shok_krg-парақшасында жарияланған. Кадрлардан ер адамның көгалды бояуға ұқсас жасыл сұйықтықпен сыпырып жүргенін көруге болады.

Түркістан әкімдігі өкілдері жағдайға қатысты түсінік берді. Олар видеоға көгалға күтім жасау процесі түсірілгенін, сонымен қатар ерітінді құрамы неге жасыл екенін айтты.

"Минерал тыңайтқыштарды көгалға себу. Бұл - күтімнің бір түрі. Көгал жағдайына байланысты минерал тыңайтқыштар құрамы таңдалады. Тыңайтқыш сұйық түрінде қолданылады. Көбінесе азот жетіспеген кезде көгал сары реңкке өзгереді. Жапырақты байыту - өсімдіктерді қалпына келтірудің ең жылдам және тиімді әдісі. Минерал тыңайтқыш ерітіндісі жасыл түсті болуының себебі сұйық тыңайтқыш қолданылған учаскелерді белгілеу үшін қажет", - деп түсіндірді әкімдік өкілі.

Алайда мердігер тыңайтқыш себу технологиясын бұзған. Өйткені процесс сұйықтықты бүрку арқылы жасалуы керек, деп қосты әкімдік өкілі.

Департамент өкілі бояу 10-15 күн ішінде ыдырайтынын және ол жануар, өсімдік пен жәндік үшін зиянсыз екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети