23 қараша 2020 14:11

Түркістанда бірегей жоба іске асырыла бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Елімізде алғаш болып халықтық жоба жұмысы Түркістан облысында жүзеге аса бастады. Биыл маусым айынан бері Түркістан қаласында жергілікті тұрғындар, қалалық әкімдік өкілдері, архитектор, дендролог, урбанист және өзге де кәсіби мамандар бірлесе отырып, тұрғын үйлер маңы мен облыс орталығындағы бос жатқан жерлерді тұрғындар игілігіне пайдалану мақсатында бірегей жобаны қолға алды. Нәтижесінде бұрын қараусыз қалған жер учаскелерінің орнына балалар ойын алаңдары мен қарияларға арналған демалатын орындар, жастарды салауатты өмір салтына үйрету үшін түрлі спорттық алаңшалар салынды.


Елімізде алғаш болып халықтық жоба жұмысы Түркістан облысында жүзеге аса бастады. Биыл маусым айынан бері Түркістан қаласында жергілікті тұрғындар, қалалық әкімдік өкілдері, архитектор, дендролог, урбанист және өзге де кәсіби мамандар бірлесе отырып, тұрғын үйлер маңы мен облыс орталығындағы бос жатқан жерлерді тұрғындар игілігіне пайдалану мақсатында бірегей жобаны қолға алды. Нәтижесінде бұрын қараусыз қалған жер учаскелерінің орнына балалар ойын алаңдары мен қарияларға арналған демалатын орындар, жастарды салауатты өмір салтына үйрету үшін түрлі спорттық алаңшалар салынды.

Халықтық жоба негізінде аула тұрғындарымен бірлесе отырып іске асырылған 7 учаскеде айтарлықтай оң өзгерістер болды.

Атап айтсақ, 0.53 га аумақты алып жатқан Талқанбаев көшесін абаттандыру үшін көше бойы тегістеліп, тал егу жұмыстары жүргізілді. Қала түрғындары мен қонақтарына демалу орындары жасалды. Нысан аумағында Облыстық қан орталығы, орталық аурухана және тұрғын үйлер орналасқан. Қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 6 адам жұмыспен қамтылып, 50 дана жарық шам, 20 дана орындық пен 4 жерге шатырлы орындық орнатылды.

Ал Қызылорда тас жолы бойын абаттандыру үшін Шығыс бөлігінің 1,62 га жерді алып жатқан аумағында көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. 13 азамат жұмыс істеген аумақта 50 дана жарық шам, 20 дана орындық пен 4 жерге шатырлы әткеншек орындық қойылды.

Дәл осы Қызылорда тасжолының батыс жақ бойын абаттандыру ісіне 15 адам жұмысқа тартылған. Бұл аумақтың көлемі - 1,92 га. Аталған нысанда 50 дана жарық шам, 20 дана орындық пен 4 жерге шатырлы аткеншек орындық орнатылды.

0,71 га жерді алып жатқан 4-учаске - Елекеев пен Абдурахманов көшесі қиылысы. 150 түп тал және көпжылдық гүлдер егілген аумаққа балалар ойын алаңшасы мен футбол алаңы салынды. Қала орталығында
50 дана жарық шам, 30 дана орындық және субұрқақтар орнатылды.

Сондай-ақ Майлин көшесін абаттандыру үшін 500 түп тал және көпжылдық гүлдер отырғызылды. Қала тұрғындары үшін демалыс орындары жасалып, 20 дана жарық шам, 20 дана орындық пен 4 жерге шатырлы орындықтар орнатылды. Бұдан бөлек кіші архитектуралық формалар мен ою-өрнекті көрнекілер де осы бесінші учаскеге көрік беріп тұр.

Төреқұлов көшесі мен Сырғақ батыр көшесі аралығындағы көп қабатты үйлер алдын абаттандыру ісі - 1 га аумақта жүзеге асуда.

Талапқа сәйкес ойын алаңшалары, футбол, баскетбол ойын алаңдары салынып жатыр.

23 адам жұмыспен қамтылып, 15 дана жарық шам, 10 дана орындық пен 4 жерге шатырлы орындықтар орнатылды. Қосымша арнайы жаңа техналогиямен қоқыс салғыш жәшіктер жер астына орнатылуда.
Әл-Фараби скверін көгалдандыру және абаттандыру жұмысы бойынша аталған учаскеде 1350 ш.м. газон және көпжылдық гүлдер отырғызылған. Талапқа сәйкес балалар ойын алаңшалары, воркаут, жүгіру мақсатында төселген жұмсақ резеңкемен (тартан) жабдықталды.

28 дана жарық шам, 10 дана орындық (қоқыс жәшігімен) пен 4 жерге шатырлы орындық (пергола) қойылды.
Жергілікті тұрғындардың қалауы мен қажеттілігі ескеріле отырып салынған демалыс орындарының маңына ағаштар да егілуде. Жасыл желекті күтіп-баптауға қала тұрғындары да ниет білдіріп отыр.

Облыс басшысы Ө.Шөкеевтің тапсырмасымен жарты жылдан бері табысты жүзеге асып келе жатқан бірегей жоба ары қарай да жалғасын табатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети