22 қараша 2019 08:57

Түркістанда "Ислам мемлекеті" ұйымына мүше болуға шақырған ер адам ұсталды

Видео кадры Видео кадры

Түркістанда "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымына мүше болуға шақырып жүрген тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Түркістанда "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымына мүше болуға шақырып жүрген тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, арнайы жасақ 39 жастағы ер адамды көшеде велосипедпен кетіп бара жатқан жерінен ұстады. Күдіктінің есімі - Темір Стамбеков. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің назарына жазда іліккен. Мешітке барған ол имамдарға ілімдерінің "жаңсақ" екенін айтып салғыласып, халық арасында бірнеше мәрте бүлік салған. Өзі әйелі мен кәмелетке толмаған төрт баласын ұрып-соғып, "салафизмді" үйреткен дейді.

Сондай-ақ, оның үйді сатуға қойып, Сирияға жиһадқа аттанбақ болып жүргені анықталды. Енді күдікті лаңкестікті насихаттау бабымен 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал әбден шошынып қалған отбасымен психологтар мен теологтар жұмыс істеп жатыр.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети